Мемлекет басшысы Түркістан облысы Жетісай ауданында болған өрттен қайтыс болған марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram арнасында жазған. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен тұлғалардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.