Астанада басына кондиционер құлап, ауыр жарақат алған 23 жасар фельдшер қайтыс болды

Астанада басына кондиционер құлап, ауыр жарақат алған 23 жасар фельдшер қайтыс болды. Дәрігерлер науқастың өмірін 8 қарашадан бері аман алып қалуға тырысқан. Медициналық мекеме өкілдері марқұмды өз ісіне адал, батыл, әрі адам өмірін құтқаруды бірінші орынға қойған маман ретінде сипаттайды. Еске салайық, тұрғын үй қасбеті құлау салдарынан көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер құлап, жалпы 5 адам жарақат алған болатын. 

АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ, ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Пациент өте ауы жағдайда болып, барлық қажет медициналық көмек көрсетілді. Алайда өкінішке қарай, алған жарақаттары тым ауыр болып,  науқас қайтыс болды. Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және барлық медициналық қауымдастық марқұмның туған туыстары мен жақындарына көңіл айтады.