Атырауда жездесі балдызын пышақтап тастады

Атырауда жездесі балдызын пышақтап тастады. Оқиға қала маңындағы Геолог ауылында болған. 59 жастағы әйел адамның жағдайы - ауыр. Дәрігерлер қандай жарақат алғанын ашып айтпай отыр. Әйел апа-жездесінің  үйінде түсінбеушілік болғанынын естіп, татуластыру үшін барған.  Бірақ арада жанжал шығып, жездесі пышақ сілтеген. 73 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл іске күдікті ретінде 73 жастағы ер адам ізін суытпай анықталып,  полицияға жеткізілді. Ол жәбірленушінің туысы екендігі анықталды. Қазіргі таңда “Адам өлтіруге оқталу” бабымен қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.