Жыл сайын 600 әйел жатыр мойны обырынан көз жұмады

  • AstanaTV
  • 18 қараша 2025

Қазақстанда жатыр мойны обыры диагнозымен 18 мыңнан аса адам есепте тұр. Жыл сайын 600 әйел осы аурудан көз жұмады. Оның ең жасы-30-да. Бұл дерт айтып келмейді және жас талғамайды. Вирус адамға әртүрлі жолмен жұғуы мүмкін. Дәрігерлер аурудың алдын алу үшін адам папиллома вирусына қарсы вакцина егуді, уақытылы скрининг жасап,  ерте емдеу екенін ескертеді. Бүгін Ұлттық ғылыми онкология орталығында аурудың алдын алу жолдары айтылды.

ГҮЛМИРА ИГЕМБАЕВА, NROC ДӘРІГЕР-ОНКОЛОГ:

Жатыр мойын ісігінің жас аспектілері 50-54 аралығында болса, ал қазір бұл ісік жаңарып келе жатыр. Жастарда да көп кездеседі. Қазақстанның ірі қалаларында, көптеген қалаларда екпе енгізу басталды. Ол 9-14 жас аралықтарында. Екпе бізде 70-90%  алдын алады деп білеміз.