Балалар арасында ауру өршіп тұр: ауруханада төсек-орын көбейтілді

Фото: ашық дереккөз

 №3 көпбейінді балалар ауруханасының директоры Марат Қарсыбекұлы Абдуовтың айтуынша, стационар 288 төсекке есептелген, алайда пациенттердің көбеюіне байланысты төсек қоры 453-ке дейін кеңейтілді, оның ішінде 243 төсек -вирустық инфекциясы бар балаларға арналған.

 Тәулік сайын стационардың қабылдау бөліміне 450–500-ге дейін жүгіну тіркеледі. Солардың тек 20–25%-ы ғана  емдеуге жатқызуды қажет етеді. Қалғандарына үй жағдайында емделу үшін дәрігердің тиісті ұсынымдары беріледі.

«Біздің инфекциялық стационар төсектер санын 550-ге дейін ұлғайтуға дайын, сырқаттанушылық өскен жағдайда қолданылатын резервтеріміз бар, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілгенбіз»,– деп атап өтті инфекциялық аурухананың басшысы.

Сонымен қатар ол ата-аналарды стационардың қабылдау бөлімінде жиналмауға шақырды, себебі бұл өзге инфекциялармен айқаспалы жұқтыру қаупін арттырады.

Ауру белгілері пайда болған жағдайда тұрғындарға өз учаскелік дәрігерлеріне, фильтр-кабинеттерге, емханалардың шұғыл көмек бөлімшелеріне жүгіну немесе мобильді бригаданы шақыру ұсынылады.