Колледж директоры 49 млн теңгені жалған студенттер арқылы жымқырды деген күдікке ілінді

Фото: azattyq-ruhy.kz

Батыс Қазақстан облысында «Батыс Қазақстан индустриалдық колледжі» директоры бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен тергеліп жатыр,-деп хабарлайды Astana TV.

«Тергеу мәліметінше, ол оқуға қатыспаған 54 адамды студент ретінде жалған тіркеп, олардың атына:сабаққа қатысу табельдерін,бағаларды,үлгерім құжаттарын рәсімдеген»- деп мәлімдеді ҚМА.

Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, стипендия да заңсыз тағайындалып, кей жағдайда көтеріңкі мөлшерде төленген. Жалған студенттердің атына ашылған шоттардағы ақша директорға немесе оның адамдарына беріліп, қолма-қолға айналдырылған.

Келтірілген шығын – 49 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдікті үйқамаққа алынған, оның пәтеріне тыйым салынды. Тергеу жалғасуда.