Шығыс Қазақстан облысында жедел респираторлық вирустық инфекцияның көбеюіне байланысты 3 мыңнан астам оқушы қашықтан оқуға жіберілді,-деп хабарлайды Astana TV
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, 1 қазаннан 17 қарашаға дейін облыста 46 мың адам ЖРВИ жұқтырған. Оның шамамен 60 пайызы - бала. Өңірдегі 24 мектепте 169 сынып онлайн форматқа ауыстырылған.
Өскемен қаласында 18 мектепте сыныптар онлайн оқуда. Сондай-ақ Күршім ауданының 3, Ұлан ауданының 2 мектебінде де осындай жағдай тіркелген.