Трамп Ақ үйде Роналдумен кездесті

Фото: x.com/charter_97

Ақ үйдегі өткен салтанатты жиынға жер-жаһанның ең ықпалды әрі танымал тұлғалары қатысқан, деп хабарлайды деп хабарлайды Astana TV  inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, АҚШ астанасы әлемдік саясат, бизнес және спорт жұлдыздарын тұңғыш рет бір үстел басына біріктірді. 

БАҚ-та көп талқыланған қонақ Португалия құрамасы мен "Аль-Наср" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду болды. Ол АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сауд Арабиясының тақ мұрагерінің келіссөздерінен соң жалғасқан жиынға арнайы шақырылған. 

ESPN-нің жазуынша, Роналду Трамптың 19 жастағы Бэррон атты ұлымен жеке танысқан. 

– Бэррон мен Криштиану танысты. Қазір ол әкесін бұрынғыдан да қатты құрметтейтін шығар, өйткені мен оларды жүздестірдім, – деп қуанышын жасырмады АҚШ президенті.

Ақ үйдегі кешке келген меймандар қатарында Роналдумен қатар, ФИФА президенті Джанни Инфантино, Amazon негізін қалаушы Джефф Безос және Tesla және SpaceX жетекшісі Илон Маск та болған.