Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ата-аналардың жұмыс уақытын қысқарту мәселесін көтерді,-деп хабарлайды Astana TV.
Депутаттың айтуынша, көп ата-ана үшін бала күтімін ұйымдастыру немесе балабақшадан уақытында алып кету қиын.
«Скандинавия елдерінің тәжірибесіне назар аудара отырып, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс уақытын енгізуді қарастыру керек. Бұл жұмыс істейтін әйелдердің бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бала күтіміне байланысты ақылы демалысты екі жылға дейін ұзартуды ұсынамын», деді Қарақат Әбден.