Ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттерді алалады. Жеке колледжде білім алатын шәкірттер мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектен құр қалған. Кемшілікті Астана қалалық прокуратурасы анықтады. 14 студент киім-кешек, жұмсақ жабдықтар мен өзге де әлеуметтік көмекті алмаған. Ал мүмкіндігі шектеуші 3 шәкітке үстемақы есептелмеген. Прокуратураның араласуымен құқытары қорғалып, тиісті қаражаттарын алды. Кемшілікке жол берген 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
НҰРЛАН ТОЙШЫБЕКОВ, АЛМАТЫ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
Талдау нәтижесі бойынша білім басқармасымен бюджет қаражатын бөлу кезінде әлеуметтік қолдану тек мемлекеттік колледжде оқитын студенттерге ғана бөлінген, ал жеке колледжде оқитын осы санаттағы студенттерге ондай бөлінбеген, қарау нәтижесі бойынша жаңағы лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.