"Таза Қазақстан" аясында оқушылардың экологиялық жобалар сайысы өтті

  • AstanaTV
  • 19 қараша 2025

Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында оқушылар арасында «Eco Project Fest» экологиялық жобалар байқауы өтті. Оқушылар қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша өз идеяларын, соның ішінде қоқысты бөлектеп жинау мен көгалдандыру туралы бастамаларын ұсынды. Сондай-ақ, тазалық акциясына атсалысты. Жалпы, жыл басынан ауданда бір мыңнан аса сенбілік өткізіліп, 9 мың тоннадан аса қоқыс шығарылған.

АРТЁМ КРАСНОВ, ОҚУШЫ:

Бұл акцияға қатысу арқылы планетамызды қоқыстан тазартуға өз үлесімді қосқым келеді. Осындай тазалық шаралары арқылы орманымыз тазара түспек. Осындай акцияларға адамдардың  неғұрлым көп қатысқаны дұрыс деп ойлаймын.