СҚО-да жұмысшы астық сақтау қоймасына құлап, көз жұмды

Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданында қайғылы оқиға болды,- деп хабарлайды Astana TV

Полиция департаментінің хабарлауынша, 19 қараша күні ауылшаруашылығы кәсіпорындарының бірінде 34 жастағы әйел биіктен құлап, астық сақтау қоймасына құлап кеткен.

Еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.