Өзбекстанда да тұмау өршіп тұр

фото: pixabay

Маусымдық тұмау індеті көршілес Өзбекстанда да кең таралды,-деп хабарлайды Astana TV Қазақстан телеарнасына сілтеме жасап. 

Жұқпалы дерт әсіресе балалар арасында белең алған. Дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері мектептер мен балабақшаларда тексеру жүргізуге кіріскен. Жедел респираторлық вирустық инфекциялардың алдын алу бойынша түрлі шаралар қолға алынды.

Ата-аналар мен мұғалімдерге ауру белгілері байқалған жеткіншекті сабаққа жібермеу туралы ескерту таратылды. Ел бойынша «Онлайн-дәрігер» кеңес беру жүйесі енгізіліп, науқастарға шұғыл жәрдем беру жайы ұйымдастырылған. Мамандар иммунитетті көтеру үшін вакцина алу қажеттігін де еске салып отыр.