“Астана” қаржылық дағдарысқа тап болды

Елордалық "Астана" футбол клубында соңғы айларда елеулі қаржылық қиындықтар туындағаны белгілі болды,- деп хабарлайды Astana TV  Aladop.kz-ке сілтеме жасап. 

 

ASnews.kz сайтының мәліметінше команда ойыншылары мен бапкерлер құрамына бірнеше ай бойы жалақы төленбей келеді.

Клуб басшылығы жағдайды реттеу үшін жаңа инвесторлар іздеуге кіріскен, ал кейбір әкімшілік қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу режиміне ауысқан.

Қиындықтарға қарамастан, "Астана” алдағы маусымға дайындықты жалғастырмақ. Желтоқсан айында команда алғашқы оқу-жаттығу жиынына баруды жоспарлап отыр.