Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді. Оны әуежайдан Үкімет басшысы Олжас Бектенов күтіп алды. Айта кетейік, ертең бағдарлама аясында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша бірқатар кездесу өтетін болады.