Солтүстік Қазақстан облысында жұмысшы астыққа құлап, тұншығып қалды. Оқиға Ақжар ауданында болды. Элеваторда жұмыс істеген маман қамбаны тазартып жатқан кезде аяғы тайып, 30 метр биіктіктен құлаған. Әріптестері дереу іздестіргенімен, ажал аузынан алып қала алмады. Оқиға салдарынан 34 жастағы әйел тұншығып қалды. Құқық қорғау органдары еңбек қауіпсіздігі бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Айта кету керек, марқұмның артынан үш баласы қалды. Кенжесі небары 4 жаста ғана.