БҚО-да 500 мың гектардай жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Батыс Қазақстан облысында соңғы екі жылда 500 мың гектардай жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 123 мыңы кері пайдалануға берілген. Осылайша мал жаярға жер таппай жүрген шаруалардың арманы орындалды. Негізі өңірде пайдаланусыз жатқан және кезінде заңсыз алынған 50 мың гектар жерді кері қайтару жоспарланған. Бірақ жоспар 242% орындалған. Мұндай ауқымды істі жүзеге асыру үшін облыстың барлық ауданында көшпелі жиын өткізіліп, жер иелері мен тұрғындармен түсінік жұмыстары жүргізілген. Ал елімізде соңғы үш жылда 13,5 миллион гектардан астам жер кері қайтарылған.  

АЖАР НҰРАЛЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:

"Жер аманаты жобасы бойынша биылғы жоспарланған межені жыл аяқталмай орындадық. Жалпы бұл жұмысты бүгінде тоқтап қалды деп айтуға болмайды. Себебі осыған дейін де халықтың сұранысы, соның ішінде шаруа қожалықтарының әрі ауыл адамдарының ауыл маңындағы жерлерді пайдалануға деген сұранысы өте көп. Сондықтан жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.