"Балаларды бейтаныс жанға еріп кетпеуге үйрету керек", - тұрғын

"Балмұздақ алып беремін". Балаларды осылай тәттіге алдап, алып кететіндер көп. Батыстағы 6 жасар қызды зорлау ісі де осылай болған еді. Бүгін әріптесім Назерке Алтынбек аулада ойнап жүрген бүлдіршіндерге тәтті ұсынып, ойыншықпен алдап көрді. Әлеуметтік экспериментті көрейік. 

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Соңғы жылдары балалардың жоғалу деректері, қоғамның үлкен мәселесіне айналған. Біз бүгін, ата-аналардың қаншалықты сақ, ал балалардың бейтаныс адамдармен сөйлесуде қаншалықты бейім екенін білу үшін, әлеуметтік эксперимент жасап көрдік. Балалардың реакциясы бізді таң қалдырды.

ЭКСПЕРИМЕНТ:

1 кейіпкер

- Біледі енді, бөтен кісілермен бармайды ғой.

- Қазір біз эксперимент үшін, апаң шақырып жатыр деп айтып көрсек, келісесіз бе?

- Иә, жақсы, көріңіздер.

 2 кейіпкер

- Балаңызды ойнатып жүрсіз бе? Балаңызға бөтенмен жүрме, бөгде адаммен ерме деп жиі айтасыз ба?

- Айтамын, иә.

- Астана тв телеарнасынан келіп тұрмын. Әлеуметтік экперимент жүргізіп жүрміз. Келісесіз бе?

- Көріңіз айтып.

- Балақай қалайсың? Атың кім?

- мхм

- Ойнап жүрсің бе? Жүр ойнайық, ойыншықтарды жақсы көресің бе?

- иә

- Мен көп ойыншық бар жерді білемін, барамыз ба?

- аха

БІРДЕН БАЛАМЕН ДИАЛОГ:

- Жана сенің папаң ана жаққа кеткен. Бірге дүкенге барып келейікші деп жатыр. Саған жіберді, жүрші дейді. Бірге барып келейік пе?

- Қай жаққа?

- Папаңа барып келейік. Ойнап қайтамыз.

- Аха

- Бізбен барасыңдар ма?

ӘКЕСІ:

 Мен өзім барам ғой, сендерді шақырсам,неге біреумен барасыңдар? Болмайды олай. Сендерді алып кетсе мен не істеймін? Біреу шақырса, папа айтты десе, бармаңдар.

АПАСЫ:

Ты куда ходил? Қазір үйге барған соң, мамасы мен папасына айтамын, осылай кетіп қалды деп. Мен тығылып қалдым деп айтамын ғой әрине.

Эксперимент барысында ата-аналардың көбі баласына ескерту жасайтынын айтқанымен, олардың бөтенмен еріп кетуі мүмкін екенін білмейтіндері байқалды. Мұндай эксперименттер әлеуметтік желілерде  де жиі жасалады. Онда тек баланың реакциясы емес, жанашыр жандардың әрекетке қаншалықты араласатыны да бағаланады. Дегенмен, көпшілік күмәнді жағдайға мән бермейтіні көрінген.

БЛИЦ:

- Әлі де қоғамда бейжай отыра беретін адамдар көп екен ғой!

- Құрметті халқым! Бала шағамызға мұқият болайықшы!

- Ана еркек бәрін көріп тұрып, ештеңе естімегендей отыр. Қалай қорқынышты.

Әрине, баланың қауіпсіздігі өзгеден бұрын, ең алдымен ата-ананың бақылауында. Психологтың айтуынша, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру үздіксіз үдеріс. Сондықтан ата-ана баласына бейтаныс адаммен сөйлеспеу, бірге кетпеу туралы ережелерді күн сайын еске салып отырғаны дұрыс.

АНАРГҮЛ МӘУЛИҚЫЗЫ, ПСИХОЛОГ:

Баланың қауіпсіздік дағдыларын күшейту үшін, әлеуметтік желілердің қауіпсіздігін қадағалау керек және де балаларда 14-15 жасына дейін, балалардың миы әлі де өте әлсіз болады, яғни кез-келген манипулияцияға тез көнгіш болып келеді. Сондықтан ата-ана күнделікті мантра ретінде айтып отыру қажет. Ешқашан да рұқсатсыз, ескертусіз бөгде адамды жібермеймін деп ата-анасы үнемі айтып отыру керек. 

Бүгінгі күні 6000-ға жуық ата-ана Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы бойынша, яғни, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілікке тартылды. Сондықтан кәмілеттік жасқа толмаған бала, толығымен ата-ананың жауапкершілігінде.

ҰЛБОСЫН МҰСАБЕКОВА, НҰРА АУДАНЫ ПБ ЮВЕНАЛДЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.: 

Егер кәмілет жасқа тллмаған жасөспірімнің түңгі сағат 11-ден кейін далада жүрген фактісі анықталған жағдайда онда заңды өкіліне ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442 бабы 2 бөлігі бойынша, бірінші жолғы ескрту, ал егер екінші рет қайталанған жағдайда құжаттар жиналып, сотқа жіберіледі. Егерде бала жоғалып кеткен жағдайда, бірден ата-анаға ескерткіміз келеді, бірден 102ге қабарласқан жөн. Бұрындары 3 сағат күту деген болған қазір жедел тобымен бірге, сондай-ақ бала ұзақ уақыт жоқ болғаны байқалған кезде, 52 еріктіміз бар, бірден ата-аналарына тауып береміз.

Балалардың амандығы бәріміздің ортақ міндетіміз. Бейтаныс адамдарға еріп кетуін азайту үшін отбасы мен қоғам бала қауіпсіздігін басты назарға қоюы маңызды.