«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс 35-ші конференциясында филиал төрағасы сайланып, Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізілді. Ашық дауыс беру арқылы жаңа төрағасы лауазымына Жандос Базартай сайланды. Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жаңа төрағаның қызметіне табыс тілеп,оның өңір дамуына тың серпін беретініне сенім білдірді.Сондай-ақ ол партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысына тоқталды. «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Цифрлық қоғам» жобалары нақты нәтиже беруде. «Жер аманаты» жобасы аясында 64,5 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.«Қарызсыз қоғам» жобасымен 16 мыңға жуық адам оқытылған. Сайлауалды бағдарламадағы жоспарлы жұмыстар кезең-кезеңімен сапалы жүзеге асырылуда. Конференция қорытындысында бірқатар партия белсенділері марапатталды.