“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында әр апта сайын «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылатын "Таза бейсенбі" шарасы Алматыдағы Саялы саябағында өтті. Оған қатысушылар айналаны тазартып, күл-қоқысты жинады. Жалпы акция басталғаннан бері қала бойынша 70-тен астам тазалық жұмысы ұйымдастырылып, 40 тоннадан астам қоқыс жиналған. Ал, еріктілер саны 4000-нан асыпты. Тазалыққа атсалысқан мәслихат депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері үлгілі істі бұдан кейін де жалғастыратынын айтып, тұрғындарды тазалыққа шақырды.
ГҮЛЖАН БЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Осы тұрғындарды қала тұрғындарын барлығын қаламыздың тазалығын сақтауға осы экологиялық мәдениетті көтеруге шақырамын. Бұл үнемі іске асырылатын акция. Сондықтан да елімізді сүйейік қаламызды сүйейік. Тазалықты сақтайық деп барша тұрғындарға айтқым келеді.