Оралда жол ережесін өрескел бұзған азаматтар жауапқа тартылды

Фото: gov.kz

"Қауіпсіз жол" ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтады, деп хабарлайды Astana TV.

Бейнежазбада жолаушылардың жүріп бара жатқан көліктен денелерін шығарғанын байқауға болады. Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

Полиция жол ережесін қатаң сақтауға шақырады. "Хайп" үшін жасалған әрекеттер өмірге қауіпті екенін ұмытпаған абзал.