Абайлаңыз: Алаяқтар WhatsApp аккаунтыңызды бұғаттауы мүмкін

Фото: pixabay.com

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін келесі қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:

  1. Екі факторлы аутентификацияны қосыңыз. Баптаулар бөліміне кіру кезінде сұралатын PIN-кодты іске қосыңыз.
  2. Күдікті хабарламалар мен сілтемелерден сақ болыңыз. Белгісіз сілтемелерге өтпеңіз. Растау кодтарын ешкімге бермеңіз.
  3. SIM-картаға PIN-код орнатыңыз. Бұл нөміріңіздің заңсыз көшірілуінің алдын алады.
  4. Жеке ақпаратқа қолжетімділікті шектеңіз. Баптаулардан сурет, статус және соңғы рет онлайн болған уақытыңызды кім көре алатынын тексеріңіз.
  5. Белсенді сеанстарды үнемі бақылап отырыңыз.

Аккаунтыңызға бөгде құрылғылар қосылмағанына көз жеткізіп тұрыңыз. Алаяқтар көбіне таныстарыңыздың атынан хабарласып, қарыз сұрауы мүмкін. Мұндай жағдайда әрдайым тікелей хабарласып, ақпаратты нақтылап алған жөн. Бұл — өз қаражатыңызды қорғаудың ең тиімді жолы.