Ақтөбеде жоғалған ерлі-зайыпты өлі табылды

  • AstanaTV
  • 21 қараша 2025

Ақтөбеде бір күні бұрын із-түзсіз жоғалған ерлі-зайыптының мәйіті табылды.  Әйел адамның денесінде зорлық белгілері анықталған. Ал ер адам асылып тұрған. Олар кеше 10 дар шамасында үйлерінен шығып,   автокөлігімен белгісіз бағытқа кеткен. Ұшты-күйлі жоғалған екеуге туыстары іздеу жариялады. Әлеуметтік  желі қолданушылары отбасының бес баласы қалғанын жазып, көңіл айтып жатыр. Көршілерінің айтуынша, көпбалалы отбасының кенжесі 1,5 жаста. Бес баланың төртеуі- оқушы. Мектеп басшылығы балалара  психологиялық және материалдық көмек көрсетілетінін айтады.

ЖҰЛДЫЗ АЙТМҰҚАН, КӨРШІСІ:

Жазда мына есік алдында балалары ойнап жүретін. Жақсы отбасы сияқты еді, ата-әжесі барлығы бар. 

ҒАЗИЗ ҚАЛАМОВ, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Мектеп пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас өте жақсы болды. Әр уақытта біз енді мектепке шақырған уақытта ата-аналары келіп тұратын, папасы келіп тұрады. Балдар сабақтарын жақсы оқиды. Тәртіпті балдар.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.Оқиға орнында тергеушілер  жұмыс істеп жатыр. Сараптама тағайындалды.