Қостанайда «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті. Межелі жиында сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалу барысы талқыға түсті. Отырыста «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев облыстағы оң өзгерістерге тоқталып, ауыл тұрғындарын жүйелі қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Тобыл өңірінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жарқын ауыл» партиялық жобасы бастау алды.Үш жылға жоспарланған жоба бойынша қазірдің өзінде 3,3 млрд теңгеге 700-ге жуық іс-шара жүзеге асты. 74 үй салынды, 35 балалар және спорт алаңдары жабдықталды, көшелер жөнделді.Бұл – облыстық филиал мен мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының үйлесімді жұмысының жемісі.
ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Қостанай өңірі өнеркәсіп ауылшаруашылығ және әлеуметтік инфрақұрылым бойынша еліміздің стратегиялық өңірлерінің бірі болып есептеледі.Соңғы жылдары облыстың индустриялық әлеуетін арттыру бағытында атқарылған жұмыстар тек өңірлік деңгейде емес, жалпы ел экономикасында айтарлықтай нәтижесін көрсетуде.Біз бірқатар индустриялық зауыттарды көрдік.Үлкен жұмыс жасалынып жатыр.
ҚЫРМЫЗЫ ЖАҢБЫРШИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Сайлауалды бағдарлама халықтың аузынан шыққан барлық мұң-мұқтаж, талап- тілектер.Енді мысалға біз биыл Жол картасының 53 жаңағы кішкене кедергі , күрмеуі қиын боп жатқан мәселені шешу үшін біз жаңағы облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімдерін, бүкіл мекеме басшыларын шақырып бүгінгі таңда 37 мәселе шешілді. 17 мәселе шешілу үстінде.Сондықтан да алдағы уақтыта осы сайлауалды бағдарламасының толық іске асуы үшін жұмыс жасаймыз.
Алайда Жол картасында белгіленген кейбір жобалардың жүйелі жүзеге аспай жатқаны да анық. Облыс көлемінде 31 тармақ орындалмай тұрған көрінеді. Оның көбі - 2023 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан проблема. Қаржыландыру, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауды созу, құрылыс-монтаж жұмыстарының бәсең болуы, сот даулары мен мердігердің тиімсіз жұмыстары межелі жоспарды тежеп тұр.Мұндай түйткілдер Қостанай мен Рудный қаласында бар. Мектеп құрылысы созылып кеткен.