Алматыда балаларды оңалтумен қамту көлемі өсіп келеді. Биыл Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы жанынан ашылған «Қамқорлық» ерте оңалту орталығы ашылған. Мұнда 3 айдан 3 жасқа дейінгі балалар халықаралық әдістемелерге сай медициналық, әлеуметтік және білім беру бағытындағы кешенді оңалтудан өте алады.
Жаңа орталықтың арқасында оңалту көмегіне қол жеткізетін балалар саны жыл сайын тағы 600-ге артпақ. Ашылғанына көп уақыт өтпесе де, мұнда 57 бала қажетті ем-дом қабылдап үлгерген. Барлық қызмет Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру қаражаты есебінен тегін көрсетіледі.
ШЫНАР ӘЛЖАНОВА, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
Енді қаражат көбейгеннен кейін көптеп медициналық реабилитация орталықтары, кабинеттер, бөлімшелер көптеп ашылды, ашылып та жатыр. Соның арқасында ата-аналар балам өз бетінше жүрсе, қолымен қасық ұстаса тамақ жесе, қалам ұстаса деп армандайтын ата аналардың мүмкіндіктері де артты.
Бұрын қалада балаларды оңалтумен айналысатын небәрі төрт орталық болған. Ал бүгінде мұндай қызметті 53 медициналық ұйым көрсетеді. Нәтижесінде ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айында 400 мыңнан астам оңалту шарасы жүргізілді.
ДІНМҰХАМЕД СЫЗДЫҚБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Біз осы екі аптада қызымыз нешетүрлі дыбыстар шығарып бастады. Нешетүрлі массаждар алып, бұлшықеттері қатайып. Өзі жүріп мысалы секіріп деген сияқты нешетүрлі қимылдарды жасап өзі активно начал уверенно ходить.
Орталықта түрлі мамандардан құралған команда әр балаға жеке бағдарлама әзірлейді. Қолдаудың арқасында Алматыдағы мыңдаған бала денсаулығын дер кезінде нығайтып, қалыпты өмірге бейімделу мүмкіндігіне ие болып жатыр.