Шымкентте «Жұмысшы жастар» форумы өтті

Шымкентте «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты және Шымкент мұнай өңдеу зауытының ұйымдастыруымен «Жұмысшы жастар» форумы өтті. Шараға қатысушылар Шымкент мұнай өңдеу зауытына арнайы экскурсия жасап, зауыттың жұмысымен, технологиялық үдерістерімен және жас мамандарға арналған мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ  кәсіби бағдар беру бағытында ашық кездесу өтті. Форум жұмысшы жастардың кәсіби әлеуетін арттыруға, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге және өндірістік саладағы жаңа буын мамандарын қолдауға бағытталған ауқымды диалог алаңы ретінде жоғары бағаланды.

БЕКЗАТ ТӨЛЕБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өзіміздің белсенді жастардан бөлек қаламыздағы түрлі өнеркәсіптің жас мамандарын да тарттық осы шараға. Жұмысшы мамандықтардың әлеуетін көтеру бойынша осындай көптеген шараларды біз алдағы уақытта да жүргізе береміз.

БЕРЕКЕ КЕНЖЕБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ БЕЛСЕНДІСІ:

Мұнайдың қалай өңделетінін көрдім, жұмысшылардың жұмысын көрдім. Қаншалықты ауыр екенін көрдім. Құрметпен қарау керек екенін түсіндім.