Алматы облысында «Таза орта - ұлт болашағының кепілі!» экологиялық шарасы өтті

Алматы облысы Жамбыл ауданында «Таза орта - ұлт болашағының кепілі!» атты экологиялық ақпараттық бағыттағы  іс-шара ұйымдастырылды. Мақсат – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарау жауапкершілігін қалыптастыру және қоғамды табиғатты аялау қозғалысына жұмылдыру. Кездесуге аудан тұрғындары, жастар ұйымдары, еріктілер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Қатысушылар табиғатты қорғау, тұрмыстық қалдықтарды басқару, жасыл аймақтарды көбейту тақырыптарында пікір алмасты.

БОЛАТ АЛТАЕВ, КОЛЛЕДЖ ДИРЕКТОРЫ:

Табиғатты аялау тазалық мәдениетін әрбір азаматтың әсіресе жас ұрпақтың санасына сіңіру өзекті деп саналады. Тазалық әр адамнан, әр үйден әр көше мен әр қаладан басталу керек. Өйткені Таза Қазақстан- бұл бір күндік науқан емес. Бұл біздің өмір салтымыз. Жас келсе іске деп халқымыз бекер айтпаған.