Үкімет басшысы мемлекеттік қарттар үйінде неше зейнеткер өмір сүріп жатқанын айтты

Фото: pixabay.com

Дәл қазір Қазақстандағы 45 мемлекеттік Қарттар үйінде 3500-ден астам қария өмір сүреді. Бұл туралы Сенат депутатының депутаттық сауалына жауап берген премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

Дереккөзге сүйенсек, олардың көбі ер адамдар.

«Қазір 45 станционар типіндегі мемлекеттік орталықтарда (Қарттар үйінде) 3547 зейнеткер өмір сүріп жатыр. Олардың 2058-і ер адамдар, 1489-ы әйелдер», - деп жазған Бектенов өз жауабында.