Таиланд астанасы Бангкокта өткен “Miss Universe – 2025” халықаралық сұлулық байқауының финалында Мексика өкілі Фатима Бош жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Astana TV.
Әлем аруының басына тәжді өткен жылғы титул иегері, даниялық Виктория Кьер Тейлвиг табыстады. Фатима Бош тұрақты сән индустриясын дамытуға бағытталған жобалармен айналысады.
Сонымен қатар, онкологиялық дертке шалдыққан балаларға қолдау көрсетеді, мигранттар құқығын қорғау және табиғатты сақтау бағытындағы бастамаларға белсенді қатысады.
Финалдағы үздік бестік:
- Бірінші вице-мисс –Таиланд өкілі Правинар Сингх
- Екінші вице-мисс –Венесуэла аруы Стефани Абасали
- Үшінші вице-мисс –Филиппин өкілі Ахтиса Манало
- Төртінші вице-мисс – Кот-д’Ивуар аруы Оливия Ясе.