Қазақстандық спортшы Сурдлимпияда алтын медаль алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық грек-рим балуаны Андрей Самарин Токиода өтіп жатқан Сурдлимпиялық ойындарда алтын медаль иеленді.

Министрлік мәліметінше, 67 кг салмақ дәрежесінде белдескен Самарин финалда Иран спортшысы Мехди Бакшиді 11:1 есебімен айқын басымдықпен тізе бүктірді. Осылайша ол Сурдлимпиялық ойындардың чемпионы атанды.

Жарыс барысында Самарин қарсыластарына толық үстемдік көрсетті:

  • 5:2 — Қырғызстан балуаны Дінмұхамед Бигельдиевке қарсы
  • 8:0 — Болгария өкілі Дилян Димитровпен ширек финалда
  • 8:0 — Армения спортшысы Жора Григорянды жартылай финалда.

Екі белдесуде қатарынан 8:0 есебімен жеңуі — оның айқын техникалық басымдығын көрсетеді.

21 жастағы Андрей Самарин – Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылының тумасы.

Ол бұған дейін 2023 жылы жастар арасындағы әлем чемпионы, 2024 жылы Малайзияда өткен Х Азия-Тынық мұхиты ойындарының жеңімпазы атанған.