Жөтелге қаршы дәріден 24 бала қаза тапты

Фото: ашық дереккөз

Үндістанда жөтелге қарсы қолданылған дәріден балалардың өлімі көбейіп, трагедия ауқымы ұлғайып отыр. Ресми мәліметке сәйкес, қайтыс болғандар саны 24 балаға жетті.

Тексеру нәтижелері препарат құрамынан өнеркәсіптік деңгейдегі улы заттың табылғанын көрсетті. Сарапшылар өндіріс процесінде 300-ден астам ереже бұзылғанын анықтады. Осы қауіпті компоненттің әсерінен көптеген бала жедел бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан.

Қайтыс болғандардың басым бөлігі - бес жасқа толмаған балалар.

Қазір қауіпті препаратты шығарған компанияның иесі қамауға алынды. Билік елдегі барлық қойма мен дәріханадан бұл дәріні толық тәркілеп, оны тыйым салынған препараттар тізіміне енгізді.

Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.