Нұра ауданында, Сығанақ көшесінде трансформаторлық қосалқы станциядағы кабель өртеніп, түнде өрт шықты. Салдарынан бірқатар тұрғын үйде жарық өшіп қалды.
«Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта РП-217 қосалқы станциясында электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 3 оперативтік бригада, Есіл РЭС бригадалары, сынау және диагностикалық қызметтер, сондай-ақ кабель желілері қызметтері жұмылдырылған.
Астананың әкімдігі мәліметінше, Астана-РЭК АҚ бригадалары сағат 15:15-те 5 трансформаторлық қосалқы станцияға электр энергиясын беріп, 5 тұрғын үй кешенінде жарық қалпына келтірілді. Сағат 16:50-де бір қосалқы станцияға дизель-генераторлық қондырғы қосылды.
Қазіргі уақытта ДГУ қосу жұмыстары әлі 4 трансформаторлық қосалқы станцияда және қалған көпқабатты үйлерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.