Ван Гогтың картинасы аукционда 62,7 млн долларға сатылды

Фото Reuters

Нью-Йорктегі «Сотбис» аукционында Винсент Ван Гогтың 1887 жылғы картинасы $62,7 млн-ға сатылды.

Бұл баға алдын ала болжанғаннан 35 пайызға жоғары болған. Картина үстелдегі кітаптар жинағын бейнелейді.

Сондай-ақ дәл осы аукционда Фрида Калоның «Exquisite Corpus» атты портреті $55 млн-ға сатылып, латынамерикалық және әйел суретшілер арасындағы рекордты жаңартты.