Оңтүстік Кореяда 22 гектар жерді өрт шарпыды

Фото: pixabay

Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Янъян қалашығының маңындағы орман өртке оранып, жүздеген тұрғын эвакуацияланды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 26 тікұшақ жұмылдырылды. 300-ден астам құтқарушы тартылды.

Мамандар өрттің нақты себептерін анықтап жатыр. Жергілікті билік орман өртіне байланысты төтенше жағдай жариялады.