ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде шатырдың және екінші қабаттың бір бөлігін өрт шарпығаны анықталды.
«Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында жалынның таралуы дер кезінде тоқтатылып, оның екінші қабаттың қалған бөлігі және бірінші қабатқа өтіп кетуіне жол берілген жоқ. Өрт сөндірілді», - делінген министрлік хабарламасында.
ТЖМ бөлімшелері келгенге дейін тұрғындар пәтерлерін өздері тастап шыққан.