Ақордада алты елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Astana TV.
Сенім грамоталарын:
Израиль мемлекетінің елшісі Йоав Быстрицки; Қырғыз Республикасының елшісі Құдайберген Базарбаев;
Куба Республикасының елшісі Альфредо Федел Ниевес Портуондо;
Ливан Республикасының елшісі Джордж Абу Зейд;
Зимбабве Республикасының елшісі Марк Грей Маронгве;
Сомали Федеративтік Республикасының елшісі Фатхудин Али Мохамед тапсырды.
Мемлекет басшысы елшілерді дипломатиялық миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, Қазақстан тарапы олардың қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.