Қырғызстан денсаулық сақтау министрі Эркин Чечейбаев зиянды азық-түлік өнімдері тізімін кеңейтуді ұсынып, тұз бен қантты акциздік тауарлар қатарына қосуды көтерді, деп хабарлайды Astana TV.
Оның айтуынша, бұл өнімдердің денсаулыққа тигізетін зияны темекі мен алкогольден кем емес.
«Біз көкөніс пен еттің табиғи дәмін тұзсыз сезбейтін деңгейге жеттік», – деді Чечейбаев.
Министр газдалған сусындар, компоттар мен тәтті ішімдіктердің инсулин деңгейін жылдам көтеретінін және тәуелділік тудыратынын атап өтті.