Ақтауда "жарылғыш зат қойылды" деген көрінеу жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Astana TV.
25 қазан Telegram мессенджеріндегі "1414" арнасына Ақтау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында жарылғыш зат бар екені туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратуға қатысы бар жасөспірім ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Полиция терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау — ауыр қылмыс, және ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескеретеді. Тұрғындарды расталмаған және жалған ақпарат таратпауға, қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттерден сақ болуға шақырады.