Түркістан облысының Бәйдібек ауданында түз тағысы төрт түлікті қырып барады. Жайылымда жүрген жылқылар жыртқышқа жем болуда. Ит-құс әсіресе Майбұлақ, Ағыбет және Жаңаталап ауылдарының маңында көбейген. Қасқырдың көптігі сонша өрістегі малға үйірімен шабатын болды дейді тұрғындар. Қорадағы малды тамақтап кетіп жатыр.
ӘТІРХАН КЕМЕЛБЕКОВ, АҒЫБЕТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Жылда бес –алтау, оншақты жейтін еді, биыл екі айдың өзінде тоғызын жеді. Әлі алдымызда қыс бар. Не болатынын қайдам? Осы таудан түседі, таудан бері қарай қасқырлар...Сөйтеді да түн ішінде келеді да шарбақтан қуып кетеді... сөйтіп жеп жатыр.
ҚЫЛЫШБЕК ӨСЕРБАЕВ, ЖАҢАТАЛАП АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Кешке қамалады малдар. Оның жемі бар, суы бар. Қар жауғанша жүретін малдар ғой негізі. Енді қазір үйде тұр. 4-5терде әкелеміз оны. Інге кіріп кетс е де тауып әкелеміз. Ал таппай қалғандар жоқ боп кетіп жатыр.
Айналада шибөрі де көбейген. Қабірлерді қазып кетіп жатыр дейді. Сондықтан бейітті бетін темір тормен жабуға мәжбүр болғандарын жеткізді. Ал аудан басшылары мәселеден хабарсыз, түз тағысымен күресті енді ғана қолға алмақ.
БАҚЫТ ҚЫРҒЫЗАЛИЕВ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біз бүгінгі таңға ақпаратты толық талдап, Охотсоюз аңшылар мекемесіне хабарласып, тиісті аңшылар жіберсе, біз оқ-дәрімен қамтамасыз етеміз. Осы бір апта он күннің көлемінде тиісті координаттар бойынша оның қасқыры бар, шиебөрісі бар соны ұстау, атқызы, аулау бойынша жұмыстар атқаратын боламыз.