Ал Қарағанды қаласында жергілікті мейрамхана иесі оннан астам тұрғынды алдап кетті. Азаматтарға арзан банкет пен тегін фотоаймақ, тағы түрлі- түрлі жеңілдіктер мен бонустар ұсынып ақшаның бір бөлігін алған кәсіпкер салтанатты шара өтетін сәтте жоғалып кеткен. Мейрамхананың құлыптаулы есігін көрген жұрт сан соғып қалғанын түсініпті. Енді млн- дарын қайтара алмай сандалып жүр.
Зейнолла Маханов тамыз айында ұлының үйлену тойын өткізем деп жоспарлаған. Мейрамхана иесіне екі миллион теңгені алдын ала төлепті. Бір аптадан соң қайта келсе ғимараттың есігі жабық тұр екен. Сыртта өзі секілді бір топ адамды кездестіргенде алданғанын бір- ақ білген.
ЗЕЙНОЛЛА МАХАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
1 млн сразу наличкамен бердім, сосын 200 мың наличкамен бердім. Одан кейін акция, акция деп каждый жұма сайын сұрап общий сумма 2 млн болды. Тойға бір апта қалған кезде осы ресторан жабылып қалғанын білдім. Енді ақшамды қайтармай отыр. Сотқа берем десем өзіме угроза жасайды. Тауып берем ғой қайда барасың, 1 млн, 2 млн аз ақша ғой деп өзімді не етеді.
Ақару Рахман да қомақты ақшасынан айрылды.Ол әдемі қыз ұзатуды күткен еді. Бойжеткен мейрамханаға бір жарым мииллион теңге төлепті. Жәбірленуші тойдың болмайтынын салтанатты шараға үш сағат қалғанда білген.
АҚАРУ РАХМАН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Ата- анам үлкен стресске түсті. Ақшамызды қайтарып берсін. Сол күні не істерімізді білмей қалдық. Сағат бір жарымда келсек ештеңе дайын емес екен. Ас үйде антисанитария. Мейрамхана безендірілмеген. Қожайынның өзі де болған жоқ. Ұзатуды сағат үшке ауыстырып, шұғыл басқа мейрамхана іздеп кеттік. Ата- анама той екі есе қымбатқа түсті.
Тұрғындардың есебінше оннан астам отбасы осылайша сан соғып қалған. Шығын көлемі шамамен -30 млн теңге. Кейбірі тойларын басқа жаққа ауыстырса, кейбірі кейінге қалдырыпты. Енді берген млн- дарын қайтарып ала алмай жүр. Ал той ұйымдастырушы кәсіпкер қаржылық қиындыққатап болғанын айтып ақталды.
АЙГҮЛ, ТОЙ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ КӘСІПКЕР:
Өкінішке орай сол доход болмай қаншама жұмыс, еңбек тоқтамай істесек те қаншама той жасасақ та ештеңе сатып алып та үлгермеппіз. Просто жоқ ақша. Сондықтан бірін- бірін жапқан той ақшасы ғой енді. Сондықтан қазір қарызға батқан соң ештеңе етпейді. Мен ойлаймын бәрі реттеледі. Ең бастысы халыққа бәріне ақшаны қайтарып сол ренжітпей сәл уақытпен сәл шыдау керек.
Полиция департаменті бұл мәселеге қатысты мынадай түсініктеме берді.
ЖАНСАЯ ЖҮНІСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АСБ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Аталған дерек бойынша жүргізілген алдын ала тексеріс нәтижесінде осындай сипаттағы басқа да бірнеше факт анықталды. ҚосЫмша жедел іс шара қорытындысы бойынша “ Алаяқтық”бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән- жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасуда.
Зардап шеккендер тез арада ақшалары қайтарылмаса кәсіпкерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр. Өйткені алданғандардың қатары күн санап көбеюде.