Ақмола облысының Қоянды ауылына табиғи газ берілді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2025

Астана іргесіндегі Қоянды ауылына табиғи газ берілді. 21 мың тұрғын енді үйлерін көгілдір отынмен жылытады. Елдімекенге 226 шақырымнан асатын газ желісі тартылып, 12 газ тарату пункті орнатылды. Бұл жүйе сағатына шамамен 30 мың текше метр газ өткізуге мүмкіндік береді. Атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін алатын отбасыларға, үйлерін газға қосу шығындарын өтеу үшін, 70 айлық есептік көрсеткішке дейін қаржылай қолдау көрсетіледі.

МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

17 елдімекен Аршалы ауданында, биыл міне, 6 мекен Целиноград ауданында, келесі  жылы тағы да 8 елдімекен осы Целиноград ауданында қосылады. Жалпы жаңағы Ақмола облысының 30 пайыз  тұрғындары осындай табиғи көгілдір газбен қамтылатын болады.