200-ден астам сарбаз Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері құрамына қабылданды

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2025

200-ден астам сарбаз Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштері құрамына қабылданды. Бұл әскери құрылымға қабылданатындарға қойылар талап жоғары.  Бойы мен ойы биік жастар ғана іріктеледі.  Олар әскери бөлімдердің далалық оқу орталықтарында дайындықтан өткен. 

АЛЕКСАНДР ШУЛИКИН, ҚР МКҚ «АЙБЫН» ПРЕЗИДЕНТТІК ПОЛКІ» 0212 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ БІРІНШІ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан және республикалық деңгейдегі қалаларынан бұл балалар іріктелініп алынды, бізде отбор 1 айдан астам уақыт өтеді. Бұл жерде құрмет қарауылы ротасына бойы биік, бет әлпеті сымбатты жігіттерді аламыз негізінен.Өйткені өздеріңіз білесіздер мысалы шет ел мемлекеттерінің перзиденттері келген кезде самолеттың борты ашылған бетте ең бірінші соларды қарсы алатын біздің құрмет қарауылының  жігіттері.