12 елдің өнерпаздары бақ сынаған «Silk Way Star» халықаралық мега-жобасы аяқталды

12 елдің өнерпаздары бақ сынаған «Silk Way Star» халықаралық мега-жобасы аяқталды. 2 айға созылған ән байқауында моңғолиялық Мишель Джозеф жеңіске жетті. Ал, екінші орын Қазақстанның еншісінде. Қорытынды қазылар алқасы мен көрерменнің дауысы арқылы шешілді. Бас-аяғы 508 мың адам таңдау жасаған. Бір өзгешелік, көрермендер өз елінің атынан қатысқан өнер иесіне дауыс бере алмайды. Бұл – әлемдік стандартқа сай қағида. Ауқымды байқау жалғасады. Келесі жылы Қытайда өтеді.

ЕРКЕЖАН КҮНТУҒАН, «JIBEK JOLY / SILK WAY» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

«Silk Way Star» жобасы Қырғызстанның екі бірдей телеарнасынан көрсетілді. Әзербайжанның екі бірдей телеарнасынан көрсетілді. Моңғолияның екі бірдей телеарнасынан көрсетілді. Сондай-ақ Өзбекстаннан көрсетілді. Грузия, Армения сияқты. Яғни, бұл қазақстандық телеөнімнің шетелдің нарығына шыға алатынына және шетелдің тікелей эфирде таратыла алатын қабілетке ие дегенді білдік, сендік, байқап көрдік.