Астанада «Шабыт» шығармашыл жастардың 28-ші халықаралық байқауы мәреге жетті

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2025

Елордада «Шабыт» шығармашыл жастардың ХХVIІІ Халықаралық байқауы мәреге жетті. Қазақстан мен шетелден келген 800-ден астам жас талант халықаралық қазылар алқасының алдында бақ сынады, бұл байқау 30 жылға жуық уақыт бойы шығармашыл тұлғаларды қалыптастырып келеді.  Қытай, Ресей, Түркия, Италия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген  танымал музыканттар, өнер қайраткерлері мен салалық сарапшылар жастардың өнеріне баға берді.  Бұл формат жас дарындарға танымал тұлғалардан тікелей кеңес алып, қабілеттерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді.

ИБРАҺИМ АМИН, «ШАБЫТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Байқау 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең онйлайн іріктеп алдық, одан кейін 2,3 тур. Әрбір кезеңге өткен сайын қатысушылар қиындықты сезінді +Биылғы ерекшелігі барлық номинациялар ансамбльдік форматта өтеді тіпті камералық хордың өзінде 30-40 жуық қатысушы келді.