Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қолөнер шеберлері туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Ғалымжан Сейітжанов 30 жылдан бері ағаш ойып, түрлі бұйымдар жасап келеді. Білген-түйгенін оқушыларға үйретіп, қазақы дәстүрді дәріптеуде. «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы ұйымдастырған сайысқа ол шәкіртімен бірге келген. Мұндай бастамалардың кейінгі ұрпаққа берері мол дейді ұстаз. Шара "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында ұйымдастырылды. Бір ерекшелігі байқауға қатысушы шеберлер - партия мүшелері. Олар 5 кезең бойынша сынға түсті.
ҒАЛЫМЖАН СЕЙІТЖАНОВ, КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ:
Осындай сайыстар көп болса өзіміздің ұлттық қолөнердің дамуына үлкен үлес қосады деп ойлаймын. Сайысымыз әрі көрмеміз жастарға үлкен сабақ болады деп ойлаймын. Қолөнерге, ұлттық тәрбиеге деген қызығушылықтары артады деп ойлаймын.