Қызылорда футбол клубының бапкері ауысты

Фото: Андрей Ферапонтовтың Instagram парақшасынан

Қызылорда облысының «Қайсар» футбол клубын жаңа маусымда тәжірибелі маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады, деп хабарлайды Astana TV.

Андрей Ферапонтов Премьер-лигада өзіндік қолтаңбасын қалдырған. 

— Ол бас жаттықтырушы лауазымын «Мақтаарал» футбол клубында бастап, «Оқжетпес» командасында жалғастырды. Сондай-ақ «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат», беларусьтік «Рух» командаларының бапкерлік штабында абыройлы қызмет атқарған. Құрама деңгейінде де тәжірибесі жеткілікті. Бүгінде Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері міндетін атқарып жүр, — делінген хабарламада. 

Үш маусым бойы қызмет атқарған жаттықтырушы Виктор Кумыков келісім шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Қайсар» футбол клубындағы жұмысын аяқтады.