Мемлекеттік кеңесші Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

  • AstanaTV
  • 24 қараша 2025

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен  Президент жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды. Мемлекеттік кеңесші кейінгі 7 жылда азаматтықтан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайғанын айтты. Бұл Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын көрсетеді. Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Мемлекет басшысының реформалары тұрғындарға зор сенім ұялатып отыр.