Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Фото: pixabay

Алматы облысында, Қайназар ауылының маңында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Astana TV.

Алдын ала деректерге сәйкес, 23 жастағы Audi жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, Toyota маркалы көлікпен соқтығысқан.

Қатты соққы салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен үш жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Сонымен қатар, бес жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында жатыр.