Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде барлық көлік түрімен 1,59 млрд жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Astana TV.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,9% жоғары. Жолаушы айналымы 74,3 млрд жолаушы-километрге жетіп, 8,3% өсті, ал көлік тасымалынан түскен табыс 1,2 трлн теңгені құрады.
Негізгі көрсеткіштер:
Автомобиль және қалалық көлік – 1 561,5 млн жолаушы (+12,2%)
Такси қызметі – 137,1 млн жолаушы (2,4 есеге өскен)
Теміржол – 16,3 млн жолаушы (–6,7%) Әуе көлігі – 13 млн жолаушы (+6,1%).