Енді лизингке алынған автокөлікті кері қайтаруға болады

Енді қазақстандықтар лизингке алған автокөлігін кері қайтара алады. Елде жеке тұлғалар үшін автолизинг механизмі енгізіліп жатыр. Процесс азаматтық заңнамаға сәйкес реттеледі. Әрбір автосалон мен компания үшін пайыздық мөлшерлеме, мерзімі мен басқа да параметрлер жеке белгіленеді. Бұл норма халыққа темір тұлпарды автолизинг арқылы алуға мүмкіндік берсе, өндірушілер үшін Қазақстанда жасалған көліктерді сату нарығын кеңейтуге ықпал етеді.

АЙДАР ӘБІЛДАБЕКОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Ішкі сауда қағидалары жаңа көліктерді жеке тұлғаларға жеке пайдалану үшін автолизингке беру мүмкіндігін қарастырады, әрі кейін оны сатып алу немесе қайтару құқығы бар. Процедура азаматтық заңнамаға сәйкес реттеледі.